Ел білетін "күнаһəр"
Ел білетін "күнаһəр"
Ертеректе Осман елінің патшасы IV Мұрат қасындағы көмекшісімен бірге қарапайым киініп ел ішін аралауға шығады. Ондағы мақсаты сол елдің жағдайын, тұрмысын өз көзімен көру еді. Бір кезде анадай жердегі үйде қараң-құраң адам жиналып тұр екен. Жақындай беріп қараса даулы мәселені шешіп жатқан секілді көрінді. Барып мәселенің мән жайын білді. Сөйтсе бір адам қайтыс болып, оның жаназасының шығарылуына талас болып жатыр екен. Себебі, әлгі қайтыс болған адам көршілерінің айтуынша, тапқан ақшасына арақ не болмаса арзан қыздарды үйіне алып келеді екен. Содан көршілері бұл кісіні күнәһар, оның жаназасы шығарылуы тиісті емес деп шешсе керек. Патша қайтыс болған кісінің әйелін тауып алып, мәселенің мәнісін сұрайды. Сонда әйелі:           
 
- Менің күйеуім жұрт айтқандай күнәһар емес. Ол өзі адал жұмыс істеп, намазын қаза қылмайтын. Күйеуім ақша тапса болды, арақ сататын жердегі арақтарды шамасы келгенше сатып алып үйге әкелетіні рас. Үйге әкеліп төгіп тастайтын. Ондағы мақсаты бір адам болсын бұл арақты ішпесе екен деген тілегі еді. Ал енді көбірек ақша тапса көше жағалаған түнгі көбелектерді ақшасын беріп үйге әкелетіні де рас. Бірақ та, үйге кіргізіп: «Мына қызды жөнге сал, ақыл айт», - деп маған тапсыратын. Мен ол қызға бұл жұмыстың харам екенін айтатынмын. Бір үзім нан болса да адал жолмен келсе тәтті болатынын құлағына құйдым. Сен өзің күнәһар болып қана қоймай, өзге де еркектерді күнәһар қыласың деп түсіндіретінмін. Кейбірі еріксіз жылап жіберетін. Бұл айтқандарыммен қыздар да келіскендей болып, енді қайталамайтындай басын изеп кететін. Ар жағы не болып жатқаны бір Аллаға мәлім.
 
Бұл сөздерден кейін Мұрат патша қайтыс болған кісінің жаназасын оқып, арулап жерлеп, шын ықыласпен беріліп ол кісі үшін дұға жасайды. Кейін әйелі әлгі кісілерден жөн сұрайды. Мұрат патша өзінің Осман елінің басшысы екенін жеткізеді. Әйелі аң-таң қалады. Неге таң қалғанын сұрағанда патша екенін білгендігіне емес, басқа нәрсеге таң қалғанын айтады. Оны былай жеткізеді:
 
Кейін күйеуіме сенің бұл істеп жүргенің дұрыс емес, ел не ойлайды. Ертең өлгенде жаназыңды шығаратын адам табылмаса не істейсің?- деп уайымдаушы едім. Ол болса: «Қорықпа, менің не істегенімді Алла көріп тұр. Мен өлсем жаназамды патшаның өзі келіп оқитын болады. Әлі-ақ көресің, - деп жеңістік бермеуші еді. Қайран күйеуім қалай біліп айтқан десеңші.
 
Сонда Мұрат патша:
 
- Расында сіздің күйеуіңіз әулие болған. Біздің елден осындай керемет адамның шыққанына мен қуаныштымын, - деген екен
Jannur KokebaevaJannur Kokebaeva
2 года назад 363
1 комментарий
  • былай қарасаң, бәрі оңай, бірақ, тақуалыққа жету қандай қиын
    2 года назад